Имам қырағы болуы тиіс – наиб мүфти Серікбай қажы Ораз (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төраға орынбасары Серікбай қажы Ораз Шымкент қаласында өткен «Ислам және тарих тағылымы» атты республикалық семинарда имамның қоғамның түрлі саласындағы орны мен мақсат-міндеттерін атап өтті, деп хабарлайды Muftyat.kz.

«Адамдар мешітке тек діни сұрақтарға жауап алу үшін ғана емес, отбасылық, қызметтік, денсаулық, тағы басқа мәселе төңірегінде имамнан кеңес сұрап келеді. Демек, кез келген мәселеге тап болған азаматтарымыз дін қызметкерінен ақыл-кеңес алу үшін мешітке келеді. Ал имам тек дін қызметкері ғана емес, ұстаз, кеңес беруші адам, пендеге үміт сыйлап, жақсылыққа бастайтын рухани көшбасшы болуы керек. Бір сөзбен айтқанда, имам қырағы болуы тиіс. Өйткені, қазір ақпарат пен технологияның дамыған заманы. Біз, дін қызметкерлері заманның осындай үрдістерінен әсте қалыс қалмауымыз қажет» деді Серікбай Сатыбалдыұлы.

Айта кетейік, Оңтүстік Қазақстан облысының Орталық мешітінде өткен семинарға өңір бойынша 1000-ға жуық имам-молдалар қатысты.

 

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: