«Дін және тарих тағылымы» жылына арналған жоспар бекітілді

Ел іші
Жарнама

Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының төрағалығымен өткен Ғұламалар кеңесінің ХІ отырысында «Дін және тарих тағылымы» жылына орай атқарылар іс-шаралар жоспары бекітілді, деп хабарлайды Muftyat.kz.

Дін саласындағы атаулы жылға орай жүзеге асатын игі жобалар жоспары төмендегідей:

* Діни, тарихи кітаптар шығару;

* Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының облыстардағы, аудандардағы өкілдіктерінде «Дін және тарих тағылымы» атты конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер өткізу;

* ЮНЕСКО-ның 2016 жылды Ясауи жылы деп жариялауына орай, Қожа Ахмет Ясауидің өнегелі өмірі мен шығармашылығына арналған халықаралық конференция ұйымдастыру;

* Қазақ даласынан шыққан дін қайраткерлері мен тарихи тұлғалар туралы, олардың діни туындыларына арналған деректі фильмдер мен зерттеу мақалалар, очерктер жариялау;

* Бұқаралық ақпарат құралдарында «Дін және тарих тағылымы» атты бағдарламалар мен хабарлар ұйымдастыру, осы бастаманы халыққа жан-жақты насихаттау, т.б. игі жобаларды жүзеге асыру. 

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: