Қазақстан туризм саласында 16-шы орынға ие болды

Ел іші
Жарнама

Crescentrating халал индустриясын зерттеу агенттігі 2016 жылдың мұсылман туризміне қолайлы мемлекеттер тізімін жария етті.

Рейтингке енген 130 елдің ішінде Қазақстан осы сала бойынша ТМД елдерінің көш басына шығып, 16-шы орынға ие болды.

Бірінші орында Малайзия, онан кейін БАӘ және Түркия республикасы. ТМД елдері ішінде Қазақстан Ирак (15) мен Мысырдың (17) ортасында, жоғары көрсеткішке ие болып отыр.

Рейтингке қатысушы мемлекеттердің мұсылмандар отбасыларының демалыс өткізуіне қолайлылығы назарға алынды. Сонымен қатар, қызмет сапасы мен мүмкіншіліктері, халал өнімдердің қолжетімділігі, туристердің қоныстануы, маркетингтік бағдармалары да есепке алынды.

ummet.kz-ақпарат

 

 

Бөлісу: