Бас мүфти Маңғыстау өлкесіне келді (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Маңғыстау облысына іс сапармен келді, деп хабарлайды Маңғыстау орталық мешітінің баспасөз қызметі.

Бас мүфти алдымен облыс басшысы Алик Айдарбаевтың қабылдауында болды. Ел руханиятын төңірегінде өткен кездесуде  Алик Серікұлы бас мүфтиге діннің мемлекет тұрақтылығын сақтаудағы маңыздылығын айтып, діни басқарманың атқарып жатқан игі жұмыстарына алғысын білдірді.

Бас мүфтидің қатысуымен келесі кездесу легі облыстық әкімдікте аймақтағы мемлекеттік қызметкерлер, зиялы қауым өкілдері, ардагерлер, дінтану мұғалімдері және БАҚ өкілдерімен өтті. Жиынды облыс әкімі жүргізіп, бас мүфтидің өлкеге сапар мақсатын түсіндірді. ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы мемлекет тарапынан дінге көрсетіліп отырған қолдауы жайында әңгімелеп, ел басшылығының қамқорлығын бағалай білуге шақырды.

Сондай-ақ, ол өз сөзінде діни басқарма 2016 жылды «Дін және тарих тағылымы» жылы деп атағанын және осының аясында көптеген игілікті шаралардың қолға алынатынын атап өтті. «Қазақ елінің ертеден қалыптасқан дәстүрі мен діни мектебі бар. Біз осы жолымызды, дәстүрмен сабақтасқан дінімізді сақтай білуіміз керек. Бұған дейін халқымыздың әдет-ғұрпы, имандылықпен астасқан дәстүрін сараптаған «Дін мен дәстүр» кітабын шығарған едік, осы кітаптың екіншісі жақынд жарық көреді» деді Ержан қажы Малғажыұлы.

Жиын барысында бас мүфти кездесуге қатысушыларды, өңірдің зиялы қауым өкілдерін толғандырған дінге қатысты сұрақтарға жауап берді.


 

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: