Бас мүфти Мақаншы халқымен кездесті (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

Өткен аптада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Семей өңіріне ресми іс-сапар жасады. Сапар кезінде Үржар ауданы Мақаншы ауылдық орталық мешітіне жаңа бас имамды тағайындады, деп хабарлайды Muftyat.kz.

Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Семей аймағына қарасты Мақаншы ауылдық орталық мешітіне бас имам қызметіне Ұлан Нұрмұхаммедұлын  бекітті.

Мақаншы өңірінде жиырма жыл бас имам болып, асыл дініміздің көркейуіне үлес қосқан Серікхан Төкенбаевқа алғыс білдіріп, қазақы дәстүрге сай иығына шапан жапты. Жаңа тағайындалған Ұлан Нұрмұхаммедұлына алдағы қызметіне табыс тіледі. 

Бас мүфти қасиетті жұма күні тәубенің артықшылығы жайында уағыз айтты. Уағыздан соң жамағаттың сұрақтарына жауап беріп, пікір алмасты. Мақаншы ауылының жамағаттарына бейбіт өмір тілеп, дінді өркендету жолында аянбай еңбек етуге шақырды.


ummet.kz-ақпарат

 

 

Бөлісу: