Зайырлы қоғамдағы дін жайы түсіндірілді (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

Астанадағы жұмыс сапары аясында ҚМДБ-ның РАНТ мүшелерінің кезекті кездесуі Қазақ технология және бизнес университетінде өтті.

 Жүзге жуық студент жастармен өткен жүздесу  «Зайырлы қоғамдағы Ислам діннің рөлі» тақырыбына арналды. ҚМДБ-ның «Шариғат және пәтуа» бөлімі меңгерушісінің орынбасары Сансызбай Шоқанов, дінтанушы Бауыржан Отарбаев жат ағымнан сақтану, жастар тәрбиесі және отан сүйіспеншілігі тақырыптарын сөз етті. Студенттер көкейде жүрген қазіргі қоғамдағы діни мәселелерге қатысты сауалдарын қойды. 

Сондай-ақ, «Экспо-Бизнес А» құрылыс алаңында қызмет ететін жүзденден астам құрылысшылар да РАНТ мүшелерінің уағыз-насихаты арқылы теріс ағымдардың алдау-арбау тәсілдері мен зиянды тұстарынан сақтану туралы мәліметтерге қанықты.

«Нұр Астана» орталық

мешітінің баспасөз қызметі

Бөлісу: