«Абу Дабидегі» дін дәрісі (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

ҚМДБ жанынан құрылған Республикалық ақпараттық-насихат тобының (РАНТ) теолог ғалымдары Сансызбай Шоқанов пен Бауыржан Отарбаевтың бүгінгі дәрісі «Абу Даби Плаза» құрылыс кешенінде жалғасты. Сонымен қатар, кездесуге "Нұр Астана" орталық мешітінің наиб имамдары Қабылбек Жұмабеков пен Марат Бектазинов қатысты. 

Ажарлы Астананың қалыптасуына атсалып жүрген құрылысшы қауым дін ғалымдарының дәрістерінен рухани қуат алып, дәстүрлі дін құндылықтарына құлшынысы артқаны байқалады.

Кездесуде дін мамандары бүгінгі таңдағы шариғат шеңберіндегі өзекті мәселелерге тоқталып, мазмұнды баяндама жасап, келелі кеңес берді. Өз кезегінде дін турасында тоқтамды шешімін іздеген жандар сұрақтарын қойып жатты.

Айта кетейік, елорда аумағында ауқымды кездесулерді РАНТ теологтары қазақ және орыс тілдерінде қатар жүргізіп келеді.

«Нұр Астана» орталық 

мешітінің баспасөз қызметі

Бөлісу: