Наиб мүфти қайырымдылық теле-марафонына қатысты

Ел іші
Жарнама

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төраға орынбасары, «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Серікбай қажы Ораз «Қазақстан» ұлттық телеарнасының тікелей эфирінде өткен «Шын жүректен» атты қайырымдылық теле-марафонына қатысты, деп хабарлайды Muftyat.kz.

Серікбай қажы Сатыбалдыұлы тікелей эфир бағдарламасында діни басқарма көлемінде атқарылған ізгі іс-шаралары жайында сұхбат берді. «Діни басқарманың басты төрт бағытының бірі – қайырымдылық шаралары. Біз бұл бағыттағы жұмыстарға үнемі басымдық беріп келеміз. Пайғамбарымыз Мұхаммед бір хадисінде (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын): «Кімде-кім мұқтаждың бұл дүниедегі уайым-қайғысын сейілтсе, Алла Тағала оның қияметтегі бір уайымын сейілтеді» деген. Жуырда ғана Астана бойынша мешіттерімізден, қайырымды жандардың үлес қосуымен, «Зекет» қорының қолдауымен 14 тонна азық-түлік, тұрмыстық заттар, ең қажетті бұйымдарды Солтүстік Қазақстан облысында тасқын судан зардап шеккен тұрғындарға жеткіздік» деді наиб мүфти С.Ораз.

Сонымен қатар, «Шын жүректен» бағдарламасына белгілі тұлғалар, қоғам қайраткерлері мен кәсіпкерлер қатысты.

 

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: