Бас мүфти рамазанға дайындық жұмысымен танысты (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

Бүгін Алматы қаласында өткен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төралқа мәжілісінде Рамазан айына дайындық жұмысы тыңдалды, деп хабарлайды Muftyat.kz.

Діни басқармаға қарасты облыстардағы өкіл имамдар бас мүфтиге қасиетті айдың жұмыс жоспары мен есебін баяндады.

«Қасиетті Рамазан айы – ізгі, игі амалдар маусымы. Бұл айда атқарылған әрбір сауапты амал еселеніп жазылады. Сондықтан осы уақытта біздің имам-молдалар барынша жамағатты ортақ мақсатқа біріктіретін іс-шараларды атқаруы тиіс» деді ҚМДБ төрағасы.

Бас мүфти өкіл имамдарға жергілікті аймақта оразаның құрметіне арналған қайырымдылық шараларды, атап айтқанда, «Тегін такси», «Барыңмен бөліс», «Қайырымдылық – қайырлы іс», т.б. акцияларды ұйымдастыруды тапсырды.


ummet.kz-ақпарат 

Бөлісу: