ҚМДБ наиб мүфтиі Талдықорған түлектермен кездесті (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының наиб мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлы Талдықорған қаласындағы «Иман» мешітінде биылғы мектеп бітіруші түлектермен кездесті.

Шараға ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша өкіл имамы Серікхан Ахмадиев, қалалық білім басқармасының бастығы Болат Тұрысбеков қатысты.

Кездесуде наиб мүфти білімнің маңыздылығы, өмірдің әр кезеңдегі сынақтары туралы насихат айтты. Исламның құндылықтары, Құранның қасиеттері және Құранға қатысты ғылыми жаңалықтар жайында қызықты деректерге тоқалды.

Жиын соңында наиб мүфти Н.Тағанұлы мектеп бітіруші жас түлектерге сәт сапар тілеп, батасын берді.


 

ummet.kz-ақпарат 

Бөлісу: