Сарыағашта жаңа мешіт ашылды (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданы, Қапланбек ауылында сән-салтанаты жарасқан «Қапланбек» атындағы жаңа мешіт ашылды.

Салтанатты шараға  ҚМДБтөрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы, наиб мүфти Серікбай қажы Ораз, ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл имамы Ахметжан қажы Керімбек, аудан әкімі Бұқарбай Парманов және жергілікті жұртшылық қатысты.

Салтанатты шара алдымен наиб мүфти Серікбай қажы Ораздың қасиетті Құран оқуымен басталды.

Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы жиналған мұсылман жамағатын жаңа мешіттің ашылуымен және алдағы кележатқан қасиетті Рамазан шәриф айымен құттықтады. «Мешіт   елдің рухани байлығы. Онда жастарымыз діни іліммен қатар, адамгершілікті, парасаттылықты үйренуі ләзім» деді бас мүфти. 

Сонымен қатар, бас мүфти мешіттің бой көтеруіне себепкер болған пейілі кең, иманжүзді азаматтарға өз ризашығын білдірді.

Шара барысында  ҚМДБ-ның шариғат және пәтуа бөлімінің орынбасары Сансызбай Құрбанұлы жиналған жамағатқа бірлік, ынтымақ туралы уағыз айтты.

Ғибадат үйінің сыйымдылығы 700 адамға арналған.


 

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: