Бас мүфти «Гүлдала» ауылдық мешітін ашты (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Алматы облысы, Талғар ауданы, Гүлдала ауылындағыжаңа мешіттің ашылу салтанатына қатысты, деп хабарлайды Muftyat.kz.

Құлшылық үйінің ашылу салтанатына «Иман» журналының бас редакторы Оңғар Өмірбек, зиялы қауым өкілдері мен ауыл тұрғындары қатысты.

Бас мүфти салтанатты шарада халықты Рамазан қарсаңындағы қуанышты сәтпен құттықтады. «Біз әрдайым мешіттеріміздің ғибадат орны ғана емес, діни-рухани орталыққа айналуын мұрат етеміз. Осындай зәулім шаңырақтың көтерілуіне демеушілік жасаған жұмсақ жүректі, игі тілекті абзал азаматтарға алғыс білдіремін. Пайғамбарымыз (Алланың Оған игілігі мен сәлемі болсын): «Кімде кім Алланың разылығын қалап мешіт тұрғызса, Алла Тағала оған жәннатта сондай үй тұрғызады» деген. Елімізде мешіт салуға ат салысқан әрбір адамға Жаратқанның нұры жауғай, өздеріне зор денсаулық, жасап жатқан іс-амалдарына береке берсін» деді Ержан қажы Малғажыұлы.

Ауыл ортасында бой көтерген құлшылық үйінің сыйымдылығы – 500 адам. Ғимарат жылу, су жүйесімен толық қамтамасыз етілген. Мешіттің бас имамы қызметіне Исмаил Бакиев тағайындалды.


 

ummet.kz-ақпарат 

Бөлісу: