Бас мүфти «Дін терроризмге қарсы» конференциясына қатысты

Ел іші
Жарнама

Бүгін Астанада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы «Дін терроризмге қарсы» атты халықаралық конференцияға қатысты.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев айтулы конференцияға айрықша мән бере отырып, форум қатысушыларына өзінің Үндеуін жолдаған болатын. Терроризм қатері халықаралық қауіпсіздік туралы түсінігімізді түбегейлі өзгертті. Елордада «Дін терроризмге қарсы» атты халықаралық конференцияға жолдаған үндеуінде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осылай бастады. Мемлекет басшысының Үндеуін ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев оқып берді.

«Бұл форумның Астанада өтуінің өзіндік мәні бар. Жүзден астам этнос өкілдері тұратын Қазақстан халқы әр алуандық арқылы бірлік қағидатын ұстанады. Бұл біздің халқымызға сан түрлі қиындықтарды еңсеру, әлеуметтік экономикалық даму жолында зор жетістіктерге жету үшін күш-қуат береді. Бүгінгі басқосу мәдениеттер мен діндер сұхбаты тәжірибесін байыта түсетініне және Сіздердің тараптарыңыздан терроризмге қарсы іс-қимыл барысындағы діннің рөлін арттыруға тың идеялар ұсынылатынына сенімдімін» делінген  Елбасы Үндеуінде.

Қазір күллі әлем бейбіт өмірдің қадірін біліп отыр. Бейбітшілік пен келісім сарайында кеңесіп жатқан 40-тан астам елден келген 63 делегат та осы үндеу көтерген мәселелердің маңыздылығын атап өтуде. 

Muftyat.kz

Бөлісу: