Оразадағы оңды іс (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

Қайырымдылық – мұсылманға тән қасиет. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы бекіткен төрт бағыттың бірі қоғамның әлеуметтік аз қамтылған, тұрмыс-ахуалы төмен санаттағы отбасыларға қайырымдылық бағытында көмек көрсетуге арналған.

Осы мақсатта қасиетті Рамазан айында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының "Жалпы және жастар ісі бөлімі" мен "Нұр Астана" орталық мешітінің жастар бөлімі Түркия елшілігінің мұрындық болуымен ізгілік акциясын ұйымдастырды.

Жалпы және Жастар ісі бөлімінің меңгерушісі бастаған жастар аталмыш қайырымдылықты Астана қаласы іргесіндегі Төңкеріс ауылының отбасылық жағдайы төмен және көп балалы 30 отбасына азық-түлікпен жәрдем көрсетті.

ҚМДБ "Жалпы және жастар ісі бөлімінің" меңгерушісі Алтынбек Ұтысханұлы жалпы ауыл тұрғындарын Рамазан айымен құттықтай келе, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының сәлемін жеткізді. Сондай-ақ, Рамазан айында қайырлы істің сауабын еселеп қайтаратындығын айта келе, игі мұсылман жұрты қолда барын мүмкіншілігіне қарай көпшілікпен бөлісіп, қайырлы істер жасап қалуға асығу қажет деді.


 

 

«Нұр Астана» орталық

мешітінің баспасөз қызметі

Бөлісу: