Қазақстан – әлемнің ең бейбітсүйгіш елі

Ел іші
Жарнама

Қазақстан Орта Азиядағы ең бейбітсүйгіш мемлекеттерінің бірі болып танылды.

Global Peace Index («Ғаламдық бейбітсүйгіштік индекс») рейтингіне сәйкес, еліміз әлемнің 163 мемлекетінің ішінде Түркменстан, Өзбекстан мен Тәжікстаннан үлкен айырмашылықпен алға шығып, 75-орынға шықты.

Global Peace Index зерттеуін жыл сайын Экономика және әлем институты сарапшылары жүргізеді. Рейтингке ішкі факторлар, мәселен зорлық-зомбылық пен қылмыс деңгейі, сыртқы факторға – өзге елдермен халықаралық қарым-қатынасы, әскери қажеттіліктер шығыны мен өзге де сипаттары кіреді.

Әлемнің бейбітсүйгіш елі тізімінің басында Исландия мемлекеті тұр. Ал Сирия тағы да рейтингтің соңынан орын алды. 

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: