Маңғыстау медресесінде қыздар тәлім алуда

Ел іші
Жарнама

Биыл Маңғыстау облыстық  орталық мешіт жанынан ашылған медресе  жас жеткіншектерге ислам құндылықтарынан білім беруде.

Орталық мешіттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, медреседегі  діни сауат ашу лагерінде маусым-шілде айларында 100-ден аса ұл балалар білім алған. Ендігі кезек қыз балаларға да келді. Бүгінгі таңда облыстың шалғай аудандарынан келген 58 қыз бала  діни сауаттарын ашуда. Оларға еліміздегі «Нұр Мүбәрак» университетінің 5 түлегі мен Сарыағаш медресесінің 1 шәкірті білім беріп, өздерінің тәжірибелік шеберліктерін шыңдауда. Ұстаздар Құран оқып үйрену, сира, ақида, сахабалар өмірі деп аталатын сабақтардан дәріс береді. Қыз балалар білім деңгейлеріне қарай 4 топқа бөлінген.

Жеткіншектер  төрт мезгіл ас-тамақпен қамтамасыз етілген. Жатын орындары, сабақ оқитын бөлмелері және  асханасы бар медреседе  білім алуға қолайлы жағдай жасалған.

Балалардың бойын сергітіп, көтеріңкі көңіл күй сыйлау үшін де түрлі шаралар ұйымдастырылады. Осы мақсатта шәкірттер  теңіз жағалауына, қаладағы мұражай, кинотеатр сынды қоғамдық орындарда қызықты да мағыналы өткізеді.  Өкіл имам Смайыл Сейтбеков балалардың діни білім алуына барынша көңіл бөліп, бос уақыттарында баратын жерлеріне автобус, қоғамдық көлік секілді тиісті мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге күш салып отыр. 

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: