Құрбан айт 10 қыркүйекте басталады

Ел іші
Жарнама

Биылғы қажылық маусымы тамыз айының 30-нан басталып, қыркүйек айының 22-інде аяқталады. Ал, 10 қыркүйекте ұлық мейрам Құрбан айт мерекесі басталады. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төраға орынбасары, наиб мүфти Серікбай қажы Ораз қажылық конкурсының іріктеуінен өткен компания басшыларымен өткен жиында айтты.

«Сауд Арабиясы Қажылық министрлігінің бекіткен ережелері бойынша қажылық сапарына қатысты құжаттарды қабылдау 10 тамызда аяқталады. Отандастарымызды осы санаулы күндерді сәтті пайдалануға кеңес береміз. Елімізде қажылық парызын өтеуге мол мүмкіндіктер жасалған. Бұл Алланың халқымызға берген ұлы сыйы. Кейбір елдерде мұсылмандар қажылыққа бару үшін кезекке тұрады. Өйткені, бөлінген квота саны шектеулі. Тіпті, кезегі келмей, дүние салатын адамдар да бар. Ал, елімізде мұсылмандар емін-еркін кезексіз қажылық парызын өтеп келуде. Бұл Алла Тағаланың халқымызға берген нығметі» деді Серікбай қажы Ораз.

Айта кетсек, қажылыққа баруға ниет білдірген азаматтар ҚМДБ қажылық бөліміне немесе Діни басқарма жариялаған конкурстан өткен қажылық компанияларына хабарласуына болады. 

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: