«Бас мүфти сыйлығы» балаларды қуантты (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қайырымдылық бағытындағы бірқатар жоспарлы шаралары жыл санап кең ауқымда ұйымдастырылып келеді.

Осындай игі мақсатта бүгін Алматы орталық мешітінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтіп, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы бүлдіршіндерге жаңа оқу жылы қарсаңында тарту жасады, деп жазады Muftyat.kz.

Акция аясында мектеп жасындағы 165 балаға мектепке қажетті барлық құрал-жабдықтарға толтырылған сөмкелер таратылды. Айта кетейік, бұған дейін бірнеше күн бұрын Алматы орталық мешітінде 51 бүлдіршінге оқу-құрал жабдықтары таратылған болатын.

«Оқу жылы қарсаңында Алматы қалалық мешіттерінің бірқатарында осы бағыттағы шаралар өткізілді және алдағы күндері өткізілуі жоспарлануда. Қала мешіттерінің деңгейінде биылғы жылы «Мектепке жол» қайырымдылық акциясына 1500 бала қамтылады деп жоспарлануда» деп хабарлады Алматы қаласының бас имамы Нұрбек қажы Есмағанбет.

Игі шара алдағы күндері «Қазақстан», «Алматы», «Асыларна» телеарналары арқылы жалпы жұртқа көрсетілетін болады.


 

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: