«Terra Nova» ЖШС мекемесіне «Халал» Сертификаты табысталды (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

«Terra Nova» ЖШС кәсіпорнының өнімдері халал талаптары бойынша тексерістен өтті. «Terra Nova» кәсіпорны нарықта танымал «Sinalco» атауымен шығатын сусындарды өндіруші зауыт болып табылады.

Өнімдерінің құрамында алкоголь анықталмады. Нақтылай айтқанда, сусын шығаратын кәсіпорындардың көбі Е 120 (Кошениль – қызғылт түс беретін жәндіктер) қоспасын жиі қолданады, ал, «Terra Nova» ЖШС кәсіпорнында бұл қоспа қолданылмайды. Пайдаланылатын бояғыш түрлері: бетакаротин, апокаротиналь (микробиологиялық текті саңырауқұлақтар), карамель (күйдірілген қант). Тұрақтандырғыштарға, қоюландырғыштарға өсімдік тектес және микробиологиялық  қоспалар түрлерін қолданады. Сулары ультракүлгін сәулелер арқылы өңдеуден өтеді.

Әдетте кәсіпорындар суды сатылы фильтірлермен немесе белсендірілген көмірмен (өсімдік немесе жануар тектес жолмен алынады) тазартады. Мұндай жағдайда белсендірілген көмір қандай жолмен алынғандығы туралы сұрақ туындайды. «Terra Nova» кәсіпорнында су тазартуда белсендірілген көмір қолданылмайды. Қышқылдықты реттегіш ретінде лимон қышқылы (беті жануар тектес жолмен кристалдандырылуы мүмкін) қолданылады. ПТР зертханасында доңыздың ДНҚ-сын анықтау сараптама жұмыстары нәтижесінде өнім құрамында доңыз майының жоқ екендігі анықталды.

«Terra Nova» ЖШС кәсіпорнының «Sinalco» сусын өнімдері халал талаптарына сәйкес болуына байланысты, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы «Халал» Сертификатын табыстады.

Естеріңізге сала кетейік, аталмыш кәсіпорын Алматы облысы Қарасай ауданы Береке ауылында орналасқан.


 

 

ҚМДБ «Халал өнімдерін стандарттау» бөлімі

muftyat.kz

Бөлісу: