Қазақстандықтар Құрбан айтта 3 күн демалады

Ел іші
Жарнама

Қазақстан халқы қасиетті Құрбан айт мейрамы кезінде үш күн демалады.

Биылғы жылы Құрбан айт мейрамының алғашқы күні 12 қыркүйек яғни дүйсенбі күнге сәйкес келіп отыр. Сондықтан қазақстандықтар 10,11,12 қыркүйек күні демалады. Себебі алғашқы екі күн сенбі және жексенбіге сәйкес келіп тұр.

Құрбан айт – мұсылмандардың ең қасиетті мерекесі. Ол ораза айт мейрамынан кейін 70 күннен соң басталып, 3 күнге аталып өтіледі. Бұл күндер Ұлы Меккеге қажылықпен аяқталады. Айт күндері Аллаға арнап құрбандық шалады, мал сояды (жылқыдан басқа). Бұл – мұсылмандардың негізгі міндеттерінің бірі.

Бөлісу: