Қос спортшы абсолютті чемпион атанды (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

Татарстан республикасының Чистопол қаласында қол күресінен «Анас» мешітінің жүлдесіне арналған бүкілресейлік турнир өтіп, аламан жарыста Қазақстан спортшылары жеңімпаз атанды. Бұл туралы Dodasport.kz сайты хабарлады.

Аталмыш турнирге елімізден қос қол күресі (армспорт) шеберлері  қатысты. Жастар арасында 60 келі салмақта Ораз Басаров төрт дүркін чемпион атанды. Ол сол қол және оң қол сайысы бойынша жарыстың екі күнінде де қарсылас шақ келтірмей абсолютті чемпион атағын иеленді.

Шеберлер сайысында Дмитрий Трубин де қарсылас шақ келтірмеді. Ол жарыстың екі күнінде де жеңіске жетіп, өзінің әлемдегі ең мықты спорты екенін дәлелдеп отыр.


 

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: