Қазақстанда террористік қауіп-қатерге байланысты хабарламалар қабылдайтын бірыңғай номер белгіленді

Ел іші
Жарнама

Қазақстанда террористік қауіп-қатерге байланысты хабарламалар қабылдайтын бірыңғай номер белгіленді. Бұл туралы Астана әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Егер жоспарланып жатқан террористік актілері туралы білсеңіз, немесе радикалды топтардың адамдарды өзіне тарту, көндіру әрекеттеріне тап болсаңыз, не болмаса оның куәгері болсаңыз, терроризм мен діни экстремизмді насихаттайтын әдебиетті тарату туралы білсеңіз, «110» номеріне хабарласыңыздар. Осы номер бойынша Қазақстанның кез келген аймағынан келіп түскен қоңырау аумақтық белгісі бойынша ҰҚК департаменттерінің кезекшілік қызметтеріне жолданады.

Еске салайық, Қауіпсіздік кеңесінің 2016 жылғы 10 маусымдағы хаттамалық тапсырмасымен облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкімдеріне ІІМ, ҰҚК, сондай-ақ, Ақпарат және коммуникация министрлігімен жергілікті жерлерде терроризмге қарсы «қауырт» желілер ашу бойынша шаралар қабылдау тапсырылды.

Қазіргі кезде ҰҚК келісімге қол жеткізген аудандық, қалалық телефондардан және «Beeline» мобильді операторының номерлерінен тегін қоңырау шалуға болады. Басқа байланыс операторларымен келіссөздер жүргізілуде. 

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: