Меккеден Қазақстанның 7 журналисі ақпарат таратады (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

Қажылыққа аттанған журналистер қасиетті Мекке қаласына табан тіреді. ҚМДБ қажылық миссиясының құрамында «31» арнасының тілшісі Жарас Ниязбек, «КТК» телеарнасының тілшісі Диас Нұрақын, «Асыл арна» телеарнасы бағдарламалар бөлімінің жетекшісі Нұрболат Қуанышбекұлы, «zakon.kz» порталының арнаулы редакторы Торғын Нұрсейтова бар.

Үлкен үміт арқалап келген журналистер қасиетті Мекке қаласынан қажылардың өмірінен жан-жақты әрі жедел ақпарат таратуға дайын.

Сонымен қатар, журналистер құрамында Hikmet.tv студиясының фототілшісі Қайсар Тұрлыбек, ҚМДБ баспасөз бөлімінің бас маманы Әсет Бектұр бар. Жалпы, еліміздің журналистері ҚМДБ қажылық миссиясының орталығына орналастырылды.

«31» арнасының белді журналисі Жарас Ниязбек ұлық сапарға тұңғыш рет келіп отырғанын жеткізді. Басты мақсат қалың көрерменге сапалы әрі жоғары деңгейде қызмет, лайықты құлшылық жасауға дайын екенін айтады.

«Қажылық миссиясының құрамында болу үлкен бақыт. Себебі қоғамдық жұмыспен қоса Жаратқанға құлшылық жасау, қажылық парызды өтеу мүмкіндігі бұйырыпты. Қасиетті мекенге тәу етуге келген отандастарымыздың жай-күйі, денсаулығы, басқа да мәселелерін үнемі назарда ұстау миссия мүшелеріне міндеттелген. Қажылық барысынан материал дайындап ақпарат тарату бір бақыт. Адамдардың қуанышты жүзін көру, алған әсерін тыңдау, құлшылық барысындағы рахатын сезіну өз алдына.  Мұнда біз журналист ретінде сенсация іздеп келмедік, бар мақсат шынайы ақпарат таратып, лайықты құлшылық жасау. Мекке қаласына келген барша мұсылманның ниеті қабыл болсын», – дейді «31» арнасының журналисі Жарас Ниязбек.

ҚМДБ Қажылық миссиясының ақпарат бөлімі

Бөлісу: