Бас мүфти ұлттық арнаға сұхбат берді (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы Құрбан айт мерекесіне орай Қазақстан ұлттық арнасына сұхбат берді, деп хабарлайды Muftyat.kz.

Бас мүфти сұхбат барысында құрбан шалудың әдептері мен шарттары, діни басқарманың қайырымдылық бағыттағы жұмыстары, айтты тойлаудың мәдениеті, мереке күндері атқарылатын абзал амалдар, т.б. жайында кеңінен баяндады.

Сонымен қатар, Ержан қажы Малғажыұлы қасиетті мерекеде кәсіпкерлер мен ел азаматтарын мал бағасын шарықтатып жібермеуге шақырды. «Айт күні Аллаға ұнамды әрбір қайырлы іске мол сауап жазылады. Ел азаматтарын, кәсіпкерлерді құрбандық малын халыққа қолайлы бағамен сатуға шақырамын» деді ҚМДБ төрағасы.


 ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: