Жаңа сайт – жақсылық жаршысы

Ел іші
Жарнама

Алматы қаласы Алатау ауданында орналасқан «Әл-Азим» мешітінің ресми «Al-Azim.kz» ұлттық, рухани-ағарту порталы ашылды.

Бұл туралы мешіттің баспасөз қызметі хабарлады.

Жаңа сайт бүгінгі интернет қолданушыларын пайдалы дүниелермен, маңызды мәліметтермен қамтамасыз етуді жоспарға алған. Жастарды ізгілікке тәрбиелеуде ислам дінінің алар орны айрықша. Осы ізгілікті насихаттау мақсатында «Әл-Азим» мешіті өз порталын іске қосып отыр. 

«Сайттың мақсаты өз оқырмандарын Аллаға деген шынайы махаббатқа әрі Оның елшісіне (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Сонымен қатар, елі-жеріне адал, қоғамға пайдалы азаматтарға пайдалы ақпарат беру. Ең бастысы ақиқат діні Исламның елімізде кең қанат жайылуына сүбелі үлес қосу» делінген баспасөз хабарламасында.

Аталмыш сайтта ғылыми-танымдық мақалалар, Құран ілімі, жаңалықтар, ғибратты оқиғалар, балаларға базарлық, сұрақ-жауап сынды айдарларбар. Уақыт өте жаңа пайдалы тараулармен толықтырылып отырылмақ. 

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: