Наиб мүфти Ақтөбе жамағатымен жүздесті (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

ҚР Бас прокуратурасы Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Ақтөбе облысында аймақтың әлеуметтік-экономикалық проблемаларын шешу жобасын жүзеге асыру мақсатында бір айлық ауқымды жобаны іске қосты.

 Бұл шараға ҚР-ның мәдениет және спорт, экономика, денсаулық сақтау және әлеуметтік даму, ақпарат және коммуникациялар, ішкі істер, әділет, дін және азаматтық қоғам жөніндегі министрліктер, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Терорризмге қарсы республикалық орталық, Қазақстан халқының Ассамблеясы, сонымен қатар Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы, Ақтөбе облысының әкімдігі, «Бәйтерек», «ҚазАгро» холдингтері мен үкіметтік емес ұйымдар тартылған.

Ақтөбе өңірінде республикамыздың білікті дін мамандары дін төңірегіндегі маңызды мәселелер бойынша семинарлар мен дәрістер өткізуі жоспарға алынған. Бүгін қасиетті жұма күні Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының наиб мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлы Ақтөбе қаласы "Қабақ ата" мешітінде болды.

Жұмаға жиылған жұртшылықпен жүздескен наиб мүфти «Қарияға құрмет – мұсылмандық асыл міндет» тақырыбында уағыз-насихат айтты. Көненің көзін көріп, өнегесін өмірлік өлшеміне айналдырған буынның жарқын болашақ қалыптастырарына сенім білдірген Н.Тағанұлы қарияларға лайықты құрмет көрсету бүгінгі ұрпақтың басты міндеті екендігін атап айтты. Наиб мүфти жұма намазын өткізіп, ақтөбелік ағайын-жұрттың ауызбіршілігі мен ынтымағы артуын сұрап, дұға-тілек жасады.

Айта кетсек, мемлекеттік маңызға ие ақпаратты ауқымды түсіндіру жұмыс тобы бір ай ішінде еліміздің мемлекеттік органдары мен мемлекеттік емес ұйымдарының білікті мамандары облыс тұрғындарына әлеуметтік, қаржылай, медициналық, идеологиялық және басқа да маңызды мәселелер бойынша көмек көрсетеді.

Abbo2

Abbo3

Abbo4

Abbo5

Abbo6

Abbo7

Abbo8

«Нұр Астана» орталық 

мешітінің баспасөз қызметі

Бөлісу: