Оқушыларға ой салды (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

Бас прокуратура ұйытқы болған Ақтөбе облысының әлеуметтік-экономикалық проблемаларын шешу жобасын жүзеге асыруға арналған бір айлық ауқымды жобаның ақпаратты ауқымды түсіндіру тобының жұмысы басталды.

Үкіметтік және жекелеген ұйым, холдингтермен қатар Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы өкілдері мен дін мамандары да осы уақыт ішінде халықпен кездесіп, әртүрлі деңгейдегі шараларға қатысады.

ҚМДБ наиб мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлы Ақтөбе қаласындағы орта мектептерде болып, оқушылармен кездесті.

Жиын барысында наиб мүфти жастарға дін атын жамылған жат ағым жайында маңызды мәліметтер беріп, дәстүрлі діни таным-түсінік турасында баяндама жасады. Тарихымызбен тамырлас асыл дінімізге бекем болып, еліміздің жарқын келешегі үшін жастардың аянбай еңбек етуі, білім-ғылым игеріп, мемлекетке қызмет қылуы керектігін баса айтқан Н.Тағанұлы оқушыларды оқуда озат, кейінгі буынға үлгі болуға шақырды. Кездесу соңы жастардың көкейінде жүрген сауалдарға жауап берумен қорытындыланды.

Abbbo2

Abbbo3

Abbbo4

Abbbo5

Abbbo6

«Нұр Астана» орталық 

мешітінің баспасөз қызметі

Бөлісу: