Еxit-poll: Нұрсұлтан Назарбаевқа 97,5 пайыз сайлаушылар дауыс берді

Ел іші
Жарнама

«Нұрсұлтан Назарбаевқа 97,5 пайыз сайлаушылар дауыс берді» деп хабарлады Демократия институтының директоры Юлия Кучинская ОКҚ-де өткен брифингте. Бұл туралы Kazinform агентті ақпар таратты.

«Елімізде өткен Қазақстан Республикасының Президентін сайлау барысында Демократия институты барлық өңірлерде жалпыұлттық exit-poll жүргізді», - деп атап өтті Юлия Кучинская.

Қазіргі президенттік сайлауда халықаралық және қазақстандық сарапшылардың мәліметтері бойынша тарихта тұңғыш рет сайлаушылардың теңдессіз, рекордты қатысуы  атап өтілген. Бүгін қазақстандықтар  бұрын-соңды болмаған белсенділік көрсетіп, сайлаушылар саны бойынша сенсациялық жоғары көрсеткішке жетті.

Жәрмеңкелер мен концерттер ұйымдастырылып, сайлау жалпы халықтық мерекелік көңіл-күйде өтті. Сайлау науқанын 10000-нан астам отандық, 1000-нан астам шетелдік байқаушылар мен ұйымдар бақылады. Олардың бәрі сайлаудың жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтуде, олардың бағалауы бойынша, бұл транспарентті, ашық және әділ сайлаудың жарқын көрінісі іспеттес.

Шетелдік байқаушылар сайлау күні азаматтардың, соның ішінде жастардың белсенді дауыс беруін, Қазақстандағы сайлаудың демократиялық түрде, халықаралық стандарттарға сай болғанын атап өтті.

Ең алдымен бұл - қазақстандықтардың патриоттығын, азаматтардың саяси сауаттылығы мен олардың электоралды мәдениетін, сондай-ақ елдің бірлігін, азаматтық белсенді позициясын білдіреді.

Сайлауға ақпараттық қолдау да жоғары деңгейде өтіп, отандық БАҚ-тарда, оның ішінде Интернет, әлеуметтік желілерде сайлау тақырыбы таңның атысынан кеш қарайып батқанға дейін басты тақырыпқа айналды.

Қазақстандағы Президент сайлауы туралы 37 мемлекеттен келген 200-ден аса журналист ақпарат таратты.

Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауы барысында Демократия институты елдің барлық өңірінде жалпыұлттық экзит-полл жүргізді. Зерттеулер 14 облысты, сондай-ақ Алматы және Астана қалаларын қамтыды. Экзит-полл сағат 7-ден 20-ға дейін 550 сайлау учаскесінде, соның ішінде 312 қалалық және 238 ауылдық сайлау учаскесінде өткізілді.  Экзит-полды ұйымдастыру және өткізу ісіне 1500-ден астам адам тартылды. Қолданылған сауалнама әдісін шетелдік және қазақстандық ғалымдар бірнеше рет сынақтан өткізген,  бұл сенімді, репрезентативті мәлімет алуға мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттар бойынша  экзит-полл нәтижесі мынадай болды: Н.Назарбаевқа - 97,5%, Т.Сыздықовқа - 1,87%, А.Құсайыновқа  0,63% дауыс берілген. 

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: