Ғұламалар кеңесінің XIV мәжілісі басталды (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

Бүгін Алматыда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының төрағалығымен Ғұламалар кеңесінің XIV мәжілісі басталды, деп хабарлайды Muftyat.kz.

Ғұламалар кеңесінің кезектен тыс отырысына ҚМДБ төраға орынбасары, наиб мүфти Серікбай қажы Ораз, наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, «Нұр-Мүбарак» университетінің проректоры Шамшәдин Керім, ҚМДБ уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Ершат Оңғаров, исламтанушы ғалымдар Алау Әділбаев, Ерсін Әміре, ҚР МСМ Дін істері комитеті Дін мәселелерін зерттеу және талдау орталығы Исламды зерттеу бөлімінің басшысы Мұхан Исахан, Алматы қаласының бас имамы Нұрбек қажы Есмағанбет және өзге де дін ғалымдары мен теологтар қоғамдағы діни өзекті мәселелерді талқылауда.

«Ғұламалар кеңесі қоғам және жастардың арасында туындаған діни мәселелерге дер кезінде жауап беріп, пәтуалар қабылдап, маңызды жұмыс атқарып келеді. Кеңес жұмысының еліміздегі діннің, руханияттың дамуы мен болашағы үшін маңызы өте зор. Дін – тағылым-тәрбиенің сарқылмас даналық көзі. Ғұламалар кеңесі осы асыл құндылықтарды жүйелеп қоғамға жеткізу бағытында талмай қызмет етіп келеді» деді бас мүфти.

Мәжіліс барысында бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы пәтуа шығаруға байланысты өзекті тақырыптар бойынша ғалымдардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Ғұламалар үш күнге жалғасатын кеңесте мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсетудің үкімі, Құрсақ ана (суррогат ана) болудың шариғаттағы орны, спираль қоюдың үкімі, құрсақ ана болудың шариғаттағы үкімін талқылап, пәтуа шығарады.

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: