Германияда өткен келелі кездесулер (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

Осы жылдың 4-10 желтоқсаны аралығында Германия Федералды мемлекетінің арнайы шақыртуы бойынша ҚР Сыртқы істер министрінің ұйымдастыруымен Қазақстан және Қырғызстан Республикаларының мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарынан құрылған делегация құрамы Берлин, Штутгарт қалаларына іс-сапармен барып келді.

Іс-сапардың негізгі мақсаты – радикалды тұлғалармен профилактикалық түсіндірме жұмысын жүргізудің әдіс-тәсілі және тәжірибе алмасу.

ҚР тарапынан делегация құрамында ҚР Бас прокуратура, Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Дін істері комитеті, ІІМ Қылмыстық атқару жүйесі комитеті, Діндерді зерттеу орталығы Ассоциациясы, ҚР Президентінің жанындағы стратегиялық зерттеулер институты және ҚМДБ-ның қызметкері болды.

Діни басқарма тарапынан түзеу мекемелеріндегі және еркіндіктегі радикалды тұлғалармен түсіндірме жұмысын үйлестіруші ,ас мүфти кеңесшісі Қуат Раев мырза қатысты.

Сонымен қатар, Қырғыз елі тарапынан мемлекеттік қызметкерлермен бірге  Қырғыстан Республикасы бас мүфтиінің орынбасары Акимжан Эргешов мырза болды.

Айта кететін жайт, бүгінгі таңда Германия мемлекеті тарапынан Сирия, Ирак жеріндегі «ДАИШ» террористік ұйымының құрамында 800-ге тарта тұлға қарулы «жихадқа» кетіп, оның 150-ге жуығы мерт болған.

Кездесулер соңында Германия Сыртқы Істер Министрінің Орта Азия және Кавказ мемлекеттеріне жауапты басшысы Михаэль Зиберт мырзаға қазақстандық делегациясы тарапынан ұлттық салт-дәстүрімізге сай иығына шапан жабылып, бөрік кигізілді.

Сонымен қатар, германиялық әріптестерге бірнеше сыйлықтар қатарында, бас мүфтидің бастамасымен шыққан «Дін мен дәстүр» кітабы (орыс тіліндегі нұсқасы) және ҚМДБ-ның атқарған жұмыстары туралы ағылшын тіліндегі бейне роликтің электронды нұсқасы табыс етілді.

Аталмыш кездесудің нәтижесін ескере келе, алдағы уақытта осындай кездесуді ұйымдастыру қажеттілігі жайлы ұсыныс айтылды.

Ger1

Ger2

Ger3

Ger4

Ger6

Ger7

Ger8

Ger9

Ger10

Muftyat.kz

Бөлісу: