Елбасы Қазақстан халқын бiрлiк күнiмен құттықтады

Ел іші
Жарнама

Қазақстан Президентi Нұрсұлтан Назарбаев Астанада «Қазақ елi» монументi алаңына 1 мамыр мерекесiн атап өтуге жиналған халықты бiрлiк күнiмен құттықтады.

«Қазақстан халқы сайлау барысында бiрлiгiн бүкiл дүниежүзiне көрсеттi. Мұның ұйымдастырушысы да, бастаушысы да Қазақстан халқы Ассамблеясы болды. Ассамблеяның төңiрегiнде түрлi ұлттар мен ұлыстардың басы бiрiгiп, елiмiздiң бiрлiгi нығайып, осының арқасында өсiп-өркендеп келе жатырмыз», - дедi Қазақстан Президентi.

Елбасы алдағы зор мақсат-мiндеттердi орындау үшiн халық бiрлiгiн сақтау керектiгiн баса айтты.

«Мен алда тұрған зор мақсат-мiндеттердi айқындадым. Оларды орындау үшiн бiрлiгiмiздi сақтауымыз керек. Бiрлiк күнi мемлекеттiк мерекесiнде маған қолдау көрсеткен барлық қазақстандықтарға тағы да зор алғысымды бiлдiргiм келедi. Маған бүгiнде мыңдаған жеделхаттар, құттықтаулар келiп жатыр. Мен барлығына үлкен рахмет айтамын. Осындай халыққа қызмет ету мен үшiн орасан құрмет. Мен бұл қызметке адалмын. Қазақстанды әрi қарай дамыту үшiн, халықтың жақсы өмiр сүруi үшiн, бiздi әлемде құрметтеуi үшiн, алдағы барлық мақсат-мiндеттердi жүзеге асыру үшiн бар күш-жiгерiмдi жұмсайтын боламын», - деген Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқын бiрлiк күнiмен құттықтады.

«Барша қазақстандықтарды шын жүректен осы тамаша мерекемен құттықтап, жақсылық, бақ-береке тiлеймiн. Елiмiз аман, жұртымыз тыныш болсын!», - дедi Мемлекет басшысы. 

{youtube}wMrS6QQGOjM{/youtube}

Бөлісу: