Вице-министр «Нұр-Мүбарак» университетінде болды (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Берік Арын «Нұр-Мүбарак» университетіне келді.

Оқу орнының ректоры Жуда Басюни мен проректоры Шамшәдин Керім вице-министрге университет кешенінің жай-күйін таныстырды. «Нұр-Мүбарак» мешіті, қос ғимарат, сондай-ақ жатақхана жағдайынан хабардар болғаннан кейін вице-министр Берік Сақбайұлы Әбу Ханифа атындағы ғылыми-зерттеу орталығын аралады.

Орталық директоры Алау Әділбаев қазіргі қоғамдағы ең өзекті тақырыптарды қамтыған, ақида, мәзһаб, ғұлама ғалым Әбу Ханифа мен Матуриди жайлы, жақында ғана жарық көрген «Арабша-қазақша сөздік», т.б. кітаптары жайында кеңірек түсіндіріп таныстырып өтті. Сонымен қатар, кәсіби салаларды қамтыған еңбектер жарыққа шығаруда  проректор, профессор Шамшәдин Керім қаржылық қиындықтар туындайтынын жеткізді. Осы кезге дейін кітаптар университет қаржысымен жарық көріп келеді. Ал мемлекеттік тапсырысқа сай шығарылған кітаптар арнайы кітапханаларға ғана таратылғандықтан оқырмандарға жаңа туындылар жетпей жатады. Бұл да мемлекеттік қолдауды қажет ететін кезек күттірмес мәселелер.

Еліміздегі діни тұрақтылықты сақтауда маңызы зор еңбектердің ахуалынан кейін вице-министр Берік Арынның төрағалығымен «Нұр-Мүбарак» университетінің жұмысын жетілдіру бойынша жұмыс отырысы өтті. Бас қосуға ҚР ДАҚ министрлігі, ҚМДБ, Алматы қаласы Дін істері басқармасы мен Жер қатынастары басқармасы, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармаларының өкілдері қатысты.

Vize3

Vize1

Vize7

Vize2

Vize4

Vize6

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: