Бас мүфти «Өнер қырандары» театры ұжымын марапаттады (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

Алматыда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы «Өнер қырандары» театрының ұжымын қабылдады.

Бас мүфти «Өнер қырандары» театры қоғамда имандылық пен ұлтымыздың асыл құндылықтарын тағылымды қойылымдармен насихаттап, атқарған игі жұмыстары жайында әңгіме өрбітіп, алғыс хатпен марапаттады.

«Тәуелсіздігіміздің ширек ғасырға татитын белесінде, соның ішінде руханият, мәдениет саласында жеткен жетістіктерімізде «Өнер қырандары» театрының белсенді қызметі мен тарихи, ізгі іс-шараларының қолтаңбасы жатқаны белгілі. Ұлтымызды имандылыққа ұйытып, халқымызды игілікке бастап, асыл дініміздің абыройын асқақтатқан руханият жолындағы қажырлы қызметтеріңіз бен елеулі еңбектеріңіз үшін Сіздерге айрықша алғысымды білдіремін» деді Ержан қажы Малғажыұлы.

Айта кетейік, «Өнер қырандары» театры Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының іс-шараларына өз өнерлерімен үнемі қолдау көрсетіп келеді.

«Өнер қырандары» театрының директоры Мадияр Серікбаев бас мүфтиге алғысын айтып, театр жұмысы жайлы және алдағы жоспарлары туралы сөз қозғады.

«Өнер қырандары» театры еліміздің әр өңірінде өткен Мәуліт мерекелеріне қатысып, қойылымдарымен халықтың ыстық ықыласына бөленді. Ел руханиятына, имандылық бағытында қызмет ету біз үшін мақтаныш. Осы сапарларымыздың барлығы Діни басқарманың қолдауымен жүзеге асып келеді» деді М. Серікбаев.

Oner2

Oner4

Oner5

Oner1

Oner6

Oner7

Oner8

ҚМДБ Баспасөз қызметі

Бөлісу: