Қазақстан халқы Ассамблеясы наиб мүфтиге алғыс білдірді (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері ҚМДБ наиб мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлының қабылдауында болды, деп хабарлайды Muftyat.kz.

Кездесуде Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымдастырған «Қайырымдылық керуені» атты игі іс-шараның мақсаты мен міндеті жан-жақты сөз болды.

Ассамблея өкілдері республикалық көлемде өткен қайырымдылық шарасына белсенді қатысқаны үшін Қазақстан халқы Ассамблеясы  Төрағасының орынбасары Ералы Тоғжанов мырзаның атынан наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлына сертификат табыстады. Игі шараға үн қосып, атсалысқаны үшін алғыс-тілектерін арнады.

Өз кезегінде ҚМДБ төраға орынбасары Діни басқарманың, Астана мешіттерінің қайырымдылық бағыттағы жұмыстары туралы баяндап, Ассамблея өкілдеріне жылы лебізін білдірді.

Assamb2

Assamb3

Assamb4

Assamb5

 ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: