Медресе тынысымен танысты (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының наиб мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлы Алматы қаласында ресми сапармен болып, бірқатар діни білім беру мекемелерін аралады.

Сапар барысында наиб мүфти Н.Тағанұлы «Әбу Ханифа» атындағы медресе-колледжіне келіп, шәкірттермен кездесті. Айта кетсек, ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы дәстүрлі діни білім беру саласына үлкен маңыз артып, нақты мақсат-міндеттерді көрсеткен болатын. Бүгінде республикамыздағы діни оқу орындарында осы бағытта білім бағдарламалары тереңдетіліп, жүйелі жолға түсіп келеді. Медресе директоры Құлмұхаммед Маханбет қазіргі таңда шәкірттердің білім деңгейі мен оқу үлгерімі жоғары екенін жеткізді. Наиб мүфти өз кезегінде шәкірттерді ел руханиятына үлес қосуға бар күш-жігерлерін жанып, қарым-қабілетін шыңдауға шақырды. «Қазақ ежелден дініне бекем, рухы биік, танымы терең халық. Атадан жалғасқан дәстүрлі арнамызды бұдан ары дамытып, жеткізу сіздерге жүктелер жауапкершілік. Ата-ана, отан, еліміз артқан үміт пен сенімді ақтайды деп сенемін» деді наиб мүфти.

Кездесу соңында наиб мүфти Н.Тағанұлы «Әбу-Ханифа» медресе-колледжінің оқу ғимараты және шәкірттердің жатақхана жайымен танысты.

Abuu2

Abuu3

Abuu4

Abuu5

Abuu6

Abuu7

Abuu8

Abuu9

Abuu10

Abuu11

Abuu12

«Нұр Астана» орталық

мешітінің баспасөз қызметі

Бөлісу: