Астана қаласының көрікті мешіттері анықталды (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ел мешіттері арасындағы «Көрікті мешіт-2017» байқауы биыл да республикалық деңгейде ұйымдастырылады. Осы орайда Астана мешіттерінде атаулы байқаудың іріктеу кезеңі өтті.

Діни басқарманың байқауға байланысты қойған талап-шарттарына сәйкес және өкілдікке берілген тапсырма негізінде қала мешіттерінің сән-салтанатын, ішкі-сыртқы тазалығын, көріктендіру деңгейін арнайы құрылған комиссия мүшелері анықтады. Комиссияның ортақ шешімімен бас қаламыздағы көрікті мешіт марапатына үш мешіт лайық деп танылды. 1-орын «Нұр Астана» орталық мешітіне, 2-орын «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітіне, 3-орын «әл-Ғани» мешітіне берілді.

Аталған мешіттер енді Республикалық деңгейдегі «Көрікті мешіт-2017»  бәйгесіне қатысады. Республика көлеміндегі ең көрікті 3 мешіт алдағы күндері ҚМДБ бекіткен комиссия тарапынан анықталады.

Байқау барысында қала мешіттеріне 1) мешіттің көрікті болуы, (күмбезі, қоршауы, мұнарасы, мінбері, қажеттілігіне қарай күрделі жөндеуден өткен болуы, аят, хадис, нақыл сөздердің мешіт ауласында немесе ішінде ілінуі, ақпарат бұрыштарының болуы), 2) мешіт және мешіт ауласының тазалығы, (мешіт кілемдерінің жаңа немесе сапалы таза болуы), 3) мешіт ауласының көгалдануы (жеміс ағаштары, терек, шырша және түрлі гүл көшеттері егілуі), 4) мешіт құжаттарының түгел болуы (ҚМБД филиалы, Мем.АКТ ҚМБД атында болуы және мем.қабылдап алу актісі) және 5) дәретхана тазалығы,(жылы су, басқа да құрал-жабдықтар, қажеті заттардың қамтылуы) сынды талаптар қойылды.

Жалпы, «Көрікті мешіт-2017» атты тазалық бәйгесі екі деңгейде – қала, аудан мешіттері және ауыл мешіттері деңгейінде өткізіледі.

 

IMG 0297

IMG 0308

IMG 0322

IMG 0340

IMG 0365

IMG 0421

IMG 0427

IMG 0556

IMG 0515

IMG 0556

IMG 0566

IMG 0573

IMG 0632

IMG 0660

IMG 0741

IMG 1076

img78

«Нұр Астана» орталық

мешітінің баспасөз қызметі

Бөлісу: