«Нұр Астана»: Бас мүфти жұма намазына қатысты

Ел іші
Жарнама

Бүгін «Нұр Астана» орталық мешітіндегі жұма намазына Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас Мүфти Ержан қажы Малғажыұлы келіп, қатысты.

Қадір түнінің қадір-қасиетін ұлықтауға арналған жұма уағызында Бас мүфти арнайы сөз алып, жиналған жамағатқа қасиетті түннің ерекшеліктері туралы айтты. Сөз барысында Ержан қажы Рамазан айындағы соңғы он күннің маңыздылығын, Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын)Рамазанның соңғы он күнінде құлшылықты қалай көбірек жасағаны туралы тілге тиек етті. Жұмаға жиылған жамағатты ынтымақ пен бірлікке жұмылдыруға, қасиетті айдың соңғы күндерінде, Қадір түнінде құлшылықты көбірек жасауға шақырды. Бейбіт елде алаңсыз, уайымсыз Алла Тағаланың бұйыртқан бес парызын орындап жатқан қазақ халқына береке мен молшылық тілеп, дұға еткен Бас мүфти келген жамағатқа алғысын білдірді. 

IMG 1186

IMG 1202

IMG 1225

IMG 1227

IMG 1232

Бөлісу: