«Ортақ үйге бірге қамқорлық жасау» дінаралық конференциясы өтті

Ел іші
Жарнама

Астанада, Бейбітшілік және келісім сарайында конфессияаралық конференция өткізді. Кнференция Ватиканнан келген құрметті қонақтың  бастамасымен «Ортақ үйге қамқорлық» деген атаумен, халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесіне Ватикан павильонында ұйымдастырылды. Іс-шарадағы кардинал Питер Кодво Аппиах Тарксон адамның жан-жақты дамуына ықпал ету мәселесін ұсынды.  Конференцияға қатысушылар діни конфессиялардың халықаралық және жергілікті өкілдері болды. Кездесуге Астана қаласы әкімдігінің Дін істер жөніндегі басқармасы, Дінаралық диалог пен Папа кеңесінің Қазақстандағы діни орталығы, сондай-ақ «Renovabis» неміс католиктік қайырымдылық ұйымы  қолдау көрсетті.

3

Күн тәртібінде қойыған мәселелер қатарында «ортақ үйді» қорғау мен әлемдік діндердің «жасыл» энергетиканы дамытуға қосқан үлесі туралы сөз қозғалды. Осыған байланысты рухани көшбасшылар біздің ортақ үйімізге әсер ететін ең күрделі міндеттерді шешу үшін көп векторлы басқару жүйесін жасауды және оның халықаралық және аймақтық күш-жігердің маңыздылығын атап өтті.

Конференцияның ашылу баяндамасын ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев оқыды. Өз сөзінде біздің елдеріміздің көшбасшылары Нұрсұлтан Назарбаев пен Рим Папасы Францис арасындағы тығыз және сенімді қарым-қатынастардың маңыздылығын атап өтті.

5

1

4

«Бүгінгі таңда Ватикан бейбітшілік пен конфессияаралық келісім құруда Қазақстанның маңызды әріптесі болып табылады, біздің халқымыздың мәдениетін және рухани өмірін дамытуда белгілі бір рөл атқарады. Биыл  Қазақстан мен Ватикан арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 25 жыл толады. Біз осы маңызды халықаралық форумда діни өкілдердің белсене және жоғары деңгейде қатысу тәжірибесі алдағы уақытта да дәстүрлі түрде жалғасын табады деген үміттенеміз », - деді Н.Ермекбаев.

Өз кезегінде  кардинал Питер Кодво Аппиах Тарксон форумды қолдаған ұйымдарға алғысын білдіріп, бүкіл адамзат өз отбасыларына қызмет ету үшін «Болашақтың энергиясы» жүйесінің маңыздылығын атап өтті.

Форумның соңында қатысушылар Қазақстан мен іс-шараға келген қонақтар аaрасындағы қарым-қатынасты нығайтуға, дамытуға елеулі үлес қосуға келісті.

ummet.kz

Бөлісу: