«Төлебай» мешітінде Құрбан айт намазы оқылды

Ел іші
Жарнама

Қыркүйек айының 01 жұлдызында Астана қаласының «Төлебай» мешітінде мерекелік Құрбан айт намазы оқылды.

Құрбан айт намазына жиылған қауымға мұсылмандардың қасиетті кітабы Құран Кәрімнен аяттар оқылғаннан кейін «Төлебай» мешітінің Бас имамы Асхат Сапашұлы Салимов көпшіліктің алдына шығып барша мұсылман асыға күткен ұлық мейрам Құрбан айт мейрамымен мұсылман қауымын құттықтап, құрбан айт мейрамы туралы уағыз-насихат айтты.

ait tolebai (1)

ait tolebai (2)

ait tolebai (3)

ait tolebai (4)

ait tolebai (5)

ait tolebai (6)

Құрбан айт намазы оқылғаннан кейін намаздан шыққан жамағатқа мешіт алдында құрмалар, бауырсақ, шелпек, кәмпиттер және сусындар тегін таратылды. Сонымен қатар Құрбан айт ұлық мереке екенін жас балаларға сездіру үшін Құрбан айт намазына келген балаларға айт намазынан кейін шоколадтар таратылды.

ait tolebai (7)

ait tolebai (8)

ait tolebai (9)

ait tolebai (10)

ait tolebai (11)

ait tolebai (12)

ait tolebai (13)

ait tolebai (14)

Құрбан айт намазы оқылып, тегін астар таратылып болғаннан кейін мешітіміздің алдында дәстүрлі ұлттық ойындар өткізілді. Мешіт жамағатының жастарынан құралған топтар арасында арқан тартыс, қол күрес және гір көтеруден сайыстар өткізілді. Ұлттық ойындардан жүлделі орын алған топтар мен жастарды «Төлебай» мешітінің Бас имамы Асхат Сапашұлы Салимов өзі құттықтап, кітап, құрма, кілем және ақшалай сыйлықтармен марапаттады.

Бөлісу: