Елбасы мақаласы аясында «Астана» медресесі шәкірттерімен кездесу өтті

Ел іші
Жарнама

«Астана қаласы әкімдігінің Дін проблемаларын зерттеу орталығы» КММ «Астана» медресесі шәкірттерімен Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын  талқылау мақсатында сараптамалық кездесу өткізді. Кездесу барысында Елбасы мақаласындағы діни экстремизммен жұмыс жасаудың маңыздылығы туралы айтылды.

Дін мəселелері жөніндегі ғылыми зерттеу жəне талдау орталығының Діни ахуалды талдау жəне мониторинг бөлім басшысы Тұрар Түгелұлы Абуов мырза қоғамда, ең алдымен, жастар ортасында діни экстремизмнің алдын алуды күшейту қажеттілігін, Қазақстан Республикасының дәстүрлері мен мәдени құндылықтарына сәйкес тұрғындарда діни сананың қалыптасуына ерекше назар аударылу керек екенін атап өтті.

medrese 1

Дін поблемаларын зерттеу орталығының басшысы міндетін атқарушы Аташев Айбек Асқарбекұлы діни экстремизмге қарсы әрекеттің ең тиімді шаралары құқықтық базаны жетілдіру, арнайы қызметтердің жұмысын нығайту және жетілдіру, діни-саяси экстремизмді қаржыландыруға қарсы күресті күшейту, сондай-ақ түсіндіру және насихаттық-идеологиялық жұмыстарды жандандыру сынды маңызды мәселелерге көңіл бөлу керектігін айтып өтті. Және Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013-2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асуының арқасында бүгінгі таңда ел тұрғындарының шамамен 90%-ы түсіндіру және алдын алу жұмыстарымен қамтылғанын тілге тиек етті. Кесдесуге жиналған «Астана» медресесінің шәкірттері өзекті тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтарын қойып, келген мамандардан тұщымды әрі нақты жауаптар ала білді.

medrese 11

medrese 1

medrese 4

medrese 6

medrese 9

ummet.kz

Бөлісу: