Бас мүфтидің төрағалығымен Ғұламалар Кеңесінің XVII отырысы басталды

Ел іші
Жарнама

Бүгін Алматыда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының төрағалығымен Ғұламалар Кеңесінің ХVII отырысы басталды. Келелі жиынды ашқан Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы осы уақытқа дейін атқарылған жұмыстарға тоқтала отырып, Ғұламалар кеңесінің жаңа мүшесін таныстырды: «Негізгі тақырыптарды талқыламас бұрын сіздерге кеңестің жаңа мүшесін таныстырғым келеді. Ол Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Дін істері комитетінің мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығының директоры Айдар Парқұлұлы Ғұламалар кеңесінің мүшелігіне бір ауыздан қабылданды.

news image 11807

Осы жиынға қатысып жатқан азаматтарға алғысымды білдіремін. Кеңестің тұрақты жұмыс жасап келе жатқанына 4 жыл болды. Осы уақытқа дейін біздің кездесуіміз жақсы дәстүрге айналды. Біз біраз жұмысты бірге атқардық. Біздің кездесулеріміз қоғамдық діни мәселелер талқыланатын алаңға айналды», – деді Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы.

1 7

Жиын барысында «Лизингтің үкімі», «Өсімнен тапқан ақшаны садақа етуге болама?» деген қоғамдық сауалдар мен Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің ұсыныстары талқыланды.Сонымен бірге, екі күнге жалғасатын Кеңесте «Таухид» кітабы, Нур әд-Дин ибн Махмуд инб Әбу Бәкір әм-Сабун әл-Бухаридің «әл-Бидая мин әл-кифая фи әл-хидая фи усул әд-дин» кітабы, Абу Хафса ан-Насафидің «Ақидасы» трактатының баспаға ұсынылатын нұсқасын бекіту сияқты 10-нан астам жоба ұсынылады.

Кеңес отырысына ҚМДБ төраға орынбасарлары - Серікбай қажы Ораз, Наурызбай қажы Тағанұлы, Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Дін істері комитетінің исламдық діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі басқарма басшысы Бауыржан Әбдірашұлы, Кеңес хатшысы, PhD докторы Ершат Оңғаров, исламтанушы ғалымдар – Сансызбай Шоқанов, Мұхитдин Исаұлы, Алау Әділбаев, Смайыл Сейітбеков, Батыржан Мансұров, Сәбит Ибадуллаев, т.б. теологтар қатысуда.

1 6

1 5

ummet.kz

Бөлісу: