Дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру тобы Атырау, Маңғыстау облыстарында болды

Ел іші
Жарнама

ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің дін мәселелері жөніндегі Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының (РАТТ) мүшелері жұмыс сапарымен Атырау және Маңғыстау облыстарында болды. Атырау облысында РАТТ құрамына Дін істері комитетінің ислам діни бірлестіктерімен байланыс жөніндегі басқармасының басшысы Б.Есмахан, ҚР БҒМ мектепке дейінгі және орта білім департаментінің бас сарапшысы Б.Әбілкәрімова және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының уағыз және түсіндіру жұмыстары бөлімінің меңгерушісі Е.Оңғаров енді.

IMG 20170927 WA0011

Маңғыстау облысында РАТТ құрамында Дін істері комитетінің дінтану сараптамасы басқармасының басшысы Б.Мырзаев, ҚР БҒМ Балалар құқығын қорғау комитетінің балалар құқығы және халықаралық ынтымақтастық басқармасының сарапшысы А.Абылаев, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жастар істері бөлімінің меңгерушісі А.Утысхан бар. Аталған сапарлар барысында РАТТ мүшелері тұрғындардың мақсатты топтары арасында, деструктивті діни ағымдар идеяларын таратудың алдын алуға бағытталған іс-шаралар ұйымдастырды. Сондай-ақ, аталған сапар аясында әкімдік қызметкерлері, мектептердің директорлары мен мұғалімдері, құқық қорғау органдарының қызметшілерімен кездесулер өткізіліп, мемлекетті дамытудың зайырлы қағидаттары мен дін саласындағы мемлекеттік саясаттың концептуалдық негіздері жайында түсінік берілді. Сонымен қатар, РАТТ мүшелері Б.Есмахан, Б.Мырзаев, Е.Оңғаров және А.Утысхан Жаңаөзен және Құлсары қалаларында деструктивті діни ағымдарды ұстанатын адамдармен жеке әңгімелесті. Жалпы алғанда дін мәселелері жөніндегі РАТТ қызметі бекітілген кестеге сәйкес елдің басқа да өңірлерінде жалғасын табады.

IMG 20170927 WA0016

IMG 20170927 WA0017

IMG 20170927 WA0018

IMG 20170927 WA0014

ummet.kz

Бөлісу: