Түркияда діни білім алатын шәкірттерді шығарып салу рәсімі өтті

Ел іші
Жарнама

Бүгін Астанада Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының ғимаратында қазақстандық шәкірттерді Түркия Республикасына оқуға шығарып салу рәсімі өтті. Салтанатты рәсімге «Нұр Астана» мешітінің бас имамы, наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, Түркия Республикасының Қазақстандағы Елшілігінің Дін істері жөніндегі кеңесшісі Мехмет Фатих Гюнеш мырза қатысты.

Естеріңізге сала кетейік, 25 қыркүйек күні «Нұр-Мүбарак» университеті мен ҚМДБ-ға қарасты 9 медресенің бітіруші түлектерінен 47 үміткер тәпсір кітабынан, тәжуидтен және араб тілінің грамматикасынан білім сынағын тапсырған болатын. Нәтижесінде 17 шәкірт сынақтан сүрінбей өтті. Енді олар Түркия Республикасының Кайсери Діни жоғарғы оқу академиясында және Конья Діни жоғарғы оқу академисында үш жыл білім алатын  болады.

IMG 0242

– Шариғат білімі деген өте керемет ілім. Хасеки академиясында елімізден күні бүгінге дейін 80-нен астам шәкірт діни білімін жетілдірді. Олардың 60-қа жуығы оқуын тәмамдап, елімізде дін саласындағы түрлі қызметтерге орналасып, нәтижелі еңбек етіп жүр Міне, қазақ елінен діни білімдеріңізді одан әрі шыңдауға кетіп бара жатырсыздар. Қайда жүрсеңіздер де Қазақстанның абыройына нұқсан келтірмеңіздер. Қазақстан – біздің ортақ үйіміз. Әр адам өз үйін қорғайды, абыройын асырады. Ең бастысы, қауіпсіздік мәселесі. Өз-өздеріңізге бекем болыңыздар. Қазір түрлі жат ағымдар мен жамағатшылдар бар екенін өздеріңіз  жақсы білесіздер. Сіздер діни басқарманың шәкірттерісіздер. Үш жылдық білім нәрімен сусындап, әрбіріңіз елге мықты маман болып келеді деп үміт етеміз. Сіздердің ол жақтағы асқақ абыройларыңыз – біздің ортақ абыройымыз, – деп ақ жол тілеп, жылы лебізін білдірді ҚМДБ наиб мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлы.

IMG 0243

Айта кетейік, шәкірттерге Түркия тарапынан жол сапар шығыны, ас-суы мен жатын орын қамтамасыз етіліп, ай сайын шәкіртақы беріледі. Ал шәкірттерге берілетін шәкіртақының мөлшері төмендегідей:

- үйленбеген шәкірттерге 1000 түрік лирасы;

- отбасын құрған шәкірттерге 2000 түрік лирасы тағайындалған.

Бауырлас елге білім сапарына аттанғалы отырған шәкірттерге біз де ақ жол, сәтті сапар тілейміз.

IMG 0294

IMG 0310

IMG 0307

«Нұр Астана» орталық мешітінің

баспасөз қызметі

 

Бөлісу: