Қазақ хандығының 550 жылдығына орай Ислам хрестоматиясы шығады

Ел іші
Жарнама

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Ғұламалар Кеңесінде Қазақ хандығының айтулы 550 жылдық мерейтойына орай қазақ топырағында сан ғасырдан бері жалғасып келе жатқан дәстүрлі дініміздің асыл құндылықтары туралы арнайы ғылыми Ислам хрестоматиясын шығару қажеттігі айтылды.

Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бұл бастамасын Ғұламалар Кеңесінің мүшелері бірауыздан қолдады. Ғылыми кітапқа орта ғасырлық кезеңдегі, қарахандықтар, Алтын Орда – Қыпшақ дәуіріндегі, Қазақ хандығы тұсындағы діни еңбектер, дастандар мен рухани шығармалар енеді.

«Ислам хрестоматиясын шығарудағы мақсатымыз – өткеннен сабақ алу, жастарды имандылыққа, адамгершілікке, ізгілікке, бірлікке, Отансүйгіштікке тәрбиелеу», – деді ҚМДБ төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы.

Кеңес отырысында Ислам хрестоматиясын қасиетті Рамазан айында шығару жоспарланды. 

ҚМДБ Баспасөз қызметі

Бөлісу: