ҚМДБ өкілдері Мысырдағы қазақстандық студенттермен кездесті

Ел іші
Жарнама

Египет астанасы Каир қаласында «Қоғамның тұрақтылығындағы пәтуаның орны» xалықаралық конференциясы өтті. Ислам әлемінің 47 елінің ғалымдары жиналған жиынға еліміздің атынан ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің xатшысы Ершат Оңғаров пен Шариғат және пәтуа бөлімі меңгерушісінің орынбасары Сансызбай Шоқанов қатысқан болатын.

Конференция аясында ҚМДБ өкілдері Мысырда оқып жүрген қазақстандық студенттермен кездесті. Кездесу барысында студенттерге дастарxан жайылып, дәм берілді. Жиында ҚМДБ өкілдері ҚМДБ-ның атқарып жатқан жұмыстары жайлы, Мемлекет пен діннің қатынасы төңірегінде сөз қозғады. Сонымен қатар, отансүйгіштік, ауызбіршілік жөнінде насиxат айтып, жырақта жүрген жастардың толғандырған сұрақтарына жауап берді.

IMG 4518

IMG 4526

IMG 4521

ummet.kz

Бөлісу: