Қазақстан-Иордания терроризм және қылмысқа қарсы күресте ынтымақтасады

Ел іші
Жарнама

Қазақстан мен Иордания тараптары Ақордада қылмысқа қарсы күрес саласындағы ынтымақтастық туралы бiрқатар келiсiмге қол қойды, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.

Қос мемлекет арасында «Қазақстан Республикасы мен Иордан Хашимит Корольдiгi арасында Адамдарды ұстап беру туралы келiсiм», «Қазақстан Республикасы мен Иордания Корольдiгi арасында Сотталған адамдарды беру туралы келiсiм», «Қазақстан Республикасы мен Иордания Корольдiгi арасында Қылмыстық iстер бойынша өзара құқықтық көмек туралы келiсiм», «ҚР Үкiметi мен Иордания Үкiметi арасында Азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайларлың алдын алу және оларды жою саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiм», «Қазақстан Үкiметi мен Иордания Үкiметi арасында терроризмге, ұйымдасқан қылмысқа, есiрткi құралдарының, олардың прекурсорларының заңсыз айналымына және қылмыстың өзге де түрлерiне қарсы күрес саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiм» сияқты бiрқатар екiжақты кұжаттарға қол қойылды.

Атап өтсек, Иордания королi Абдалла II кеше Қазақстанға ресми сапармен келген болатын. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Иордания королiн Ақордада қабылдап, оған ядролық қаруға қарсы күрескенi үшiн арнайы сыйлық табыстады. 

ummet.kz

 

Бөлісу: