Батыс Қазақстан облысында дін саласындағы мәселелер талқыланды

Ел іші
Жарнама

Батыс Қазақстан облысында Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің облыс әкімшілігімен бірлесе отырып, дін саласындағы өзекті бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды.

15 қараша күні Орал қаласында министр Н.Ермекбаевтың қатысуымен «Дін және ұлттық тарих» тақырыбындағы республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференция жұмысына облыс әкімі А.Кулгинов, Дін істері комитеті төрағасының м.а. Е.Онғарбаев, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы өкілдері, отандық сарапшылар, теолог және дінтанушы мамандар қатысты.

Сонымен қатар, 15-17 қараша күндері Батыс Қазақстан облысында дін мәселелері жөніндегі Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобы жұмыс жасады (РАТТ). РАТТ құрамына Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі, Білім және ғылым министрлігі, Ақтөбе және Шығыс Қазақстан облыстарының дін істері басқармаларының өкілдері, Дін істері комитетіне қарасты Халықаралық мәдениеттер және діндер орталығы мен Ғылыми-зерттеу және талдау орталығы мамандары кірді. Ақпараттық-түіндіру жұмыстарымен Орал қаласы, Бөрлі ауданы Ақсай қаласының тұрғындары қамтылды. РАТТ мүшелері қатысуымен деструктивті діни ағымдар идеяларының таралуының алдын алуға бағытталған іс-шаралар мақсатты топтар арасында жүргізілді.

IMG 20171118 WA0004

IMG 20171118 WA0006

IMG 20171118 WA0000

IMG 20171118 WA0010

ummet.kz

Бөлісу: