Шымкентте Мұхаммад Садық атындағы мешіт ашылды

Ел іші
Жарнама

Кеше, Шымкент қаласының Абай ауданында шейх Мұхаммад Садық рахимахуЛлахтың құрметіне арналған жаңа мешіттің тұсауы кесілді. Өзбекстан, Орта Азия мен бүкіл ислам әлемінің ұлы ғалымына айналған тұлғаның дүниеден өтуі орны толмас ауыр қазаға айналды деп хабарлайды Azan.kz.

Жергілікті тұрғындардың бастамалары мен олардың ақшалай көмек көрсетуі құрылыстың бой көтеруі мен жаңа мешіт атауының таңдалуына себепші болды. Құрылыстың салыну ұсынысы Қазақстан Республикасы Діни істер басқармасы тарапынан мақұлданып, Мұсылман халықтары арасындағы достастық пен бауырластықты білдіру ретінде Шейхтің құрметі мен оның мол мұрасына арналды. 

Мешіт ғимараты 1000 адамға арналған.  Құлшылық үйінің салтанатты ашылу рәсіміне Өзбекстан мемлекетінен арнайы делегация шақырылып, олардың құрамында Мұхаммад Садық рахимахуЛлахтың баласы - Исмаил Мұхаммад Юсуф, хафизахуЛлах болды. Ұлағатты ұстаздың ұлы барлық қазақстандықтарға алғысын білдіріп, Орта Азияда әкесінің құрметіне аталған Қазақстандағы жалғыс мешіт екендігін ерекше атап өтті. 

Еске сала кетсек, Мухаммад Содык, рахимахуЛлах 2015 жылы наурыздың 10-ы күні дүние салды. Кеңе кезінен бастап Орта Азия мен Қазақстанда мүфти қызметін атқарып, кейінен өмірінің соңғы жылдарын Өзбекстанда өткізіп, дін исламның дамуы үшін аянбай еңбек етті. Исламның дамуы мен сақталуына үлесін қосқан ғалымның қасиетті құранның түсіндірмесі мен талдауына арналған - «Тафсир Хилал», «Хадисы и жизнь» топтамасы, фикх пен оның методологиясының негіздеріне арналған «Иман. Ислам. Куръан», «Усулул фикх»  және т.б. орыс тіліне аударылған еңбектері бар.

 

 

ummet.kz-ақпарат 

Бөлісу: