Атырау қаласында екінші ірі мешіт бой көтерді

Ел іші
Жарнама

Атырауда «Құспан молла» мешітінің жаңартылған ғимараты салтанатты жағдайда пайдалануға берілді. Мешіттің ашылу салтанатына Атырау облысы дін істері басқармасының басшысы Хайролла Көшқалиев, Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының Атырау облысы бойынша өкіл имамы Батыржан Мансұров арнайы қатысты.

Атырау облысы Дін істері басқармасының басшысы Хайролла Көшқалиев егемендік жылдарында тіліміз, ділімізбен бірге, асыл дініміздің қайта оралғанын атап өтті. «Бір кездері Құспан молла мешіті Атыраудағы жалғыз ғибадат үйі болған еді. Күні бүгінде республикамыздың түкпір-түкпірінде және біздің өңірімізде де мешіт үйлері көптеп салынуда. Бұл жағдай ислам дінінің кеңінен қанат жаюына ықпал етіп отыр» деп атап өтті Хайролла Көшқалиев.

96552032

Өкіл имам Батыржан қажы Берденұлының айтуынша, мешіттің ескі ғимараты 400 орындық болатын. Жаңартылған ғимарат бір сәтте 1200 адамға қызмет көрсете алады. Сәуір айында басталған құрылыс желтоқсан айында толықтай сәтті аяқталып отыр.  «Мешіт құрылысы негізінен демеушілер мен жамағаттың қолдауымен тұрғызылып отыр. Десе де, демеушілер есімдерінің аталғанын қаламайды. Бұл жерде мәселе ниетте, Алла жолында қайырлы амал атқаруға деген ұмтылыста» дейді бас имам.

Мешіттің ашылу салтанатына Құспан молла Нұрмұқашевтың ұрпақтары да қатысты. «Қазақ халқы кер заман санаған сонау қиын-қыстау кезеңде әкеміз Құспан молла осы мешітті өз қаражатына тұрғызған екен. Мешітте Дамбыдан бастап, сонау Чкалов ауылына дейінгі аралықтағы діндар адамдар келіп, мінәжат ететін болған. Көптеген сындарлы кезеңді бастан өткерген мешіт қудалау заманында қайта-қайта жабылып, құқай көрді» деп атап өтті Құспан молланың ұлы Сәбит Құспан.

96552024

Ресми ашылу салтанатынан соң облыстың бас имамы Батыржан Мансұров мешіт ішіне Құран оқыды. Жаңа ғимаратта жамағатқа қолайлы үлкен зал пайда болды. Бас имамның жұмыс кабинеті, наиб имамдар бөлмесі, бұдан бөлек, ерлерге және әйел жамағатқа арналған сынып кабинеттері жасақталды. Және мешітке келушілер үшін Құран оқитын бөлме ашылды.

Бұрындары төпелеп жаңбыр жауған кезде, мешіт ауласы балшық болып, су алып кететін. Енді бұл мәселе толықтай шешілді. Аулаға төсемтастар төселді. Күні бүгінде сыйымдылығы 1200 орынға шақталған ғибадат үйі орталық «Иманғали» мешітінен кейінгі Атырау қаласындағы екінші ірі мешіт саналады.

Айта кетелік, Құспан молла Нұрмұқашев 1887 жылы Гурьев уезіне қарасты Бесікті ауылында дүниеге келген. 1925 жылы 2 қарашада Ресей діни басқармасының Уфа қаласындағы жоғарғы медресені тәмамдап, «Имам Хатиб» дәрежесін алып шыққан. Арнайы жолдамамен Гурьев уезі Соколов облысына қарасты №5 ауылда имам және мүдәріс қызметін атқарған. Бірақ, Кеңес Үкіметінің солақай саясатының құрбаны болып, ұзақ жылдар қуғынға ұшырады. Өмірінің соңына дейін мешітке және Кеңес Одағы кезінде болған жалғыз медресе – Бұхарадағы «Мир Араб» талабаларына көмектесіп өтті.

news image 12707

96552049

96552053

96552050

96552043

96552012

ummet.kz 

Бөлісу: