Қазақстанда былтыр терроризмді насихаттайтын 9 мыңға жуық сайт жабылды

Ел іші
Жарнама

Қазақстанда 2017 жылы терроризмді насихаттайтын 9 мыңға жуық сайттың жұмысы тоқтатылған. Бұл туралы ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев мәлім етті.

Алқа мәжілісінде сөз сөйлеген министр 2017 жылдың 28 желтоқсанында Президенттің ақпарат және коммуникациялар жөніндегі заң жобасына қол қойғанын атап өтті.

«Бұл заң біздің азаматтардың құқығын қорғаудың механизмдерін күшейтеді. БАҚ саласына, байланыс операторларының жұмысына қатысты талаптарды оңтайландырады», - дейді министр.

ҚазАқпарат

Бөлісу: